Астана
халықаралық форумы аясында Президент
Ауғанстан өнеркәсіп және сауда министрінің міндетін атқарушы Нуриддин Азизиді
қабылдады.
Кездесуде ынтымақтастық келешегі талқыланды. Еліміздің ауыл шаруашылығы
өнімдері мен химия өнеркәсібі тауарларының экспортын ұлғайтуға мүмкіндігі зор. Нуриддин Азизи Қазақстанның
халықаралық ұйымдарда Ауғанстан тақырыбын дәйекті түрде ілгерілетіп келе
жатқаны мен
гуманитарлық көмек көрсеткені үшін ризашылық білдірді.
Президент
Google-дың Орталық
және Шығыс Еуропа бойынша вице-президенті Патрик Ворнкингпен кездесуінде компанияның еліміздегі
цифрлық трансформацияға елеулі үлес қосқанын атап өтті. Мемлекет басшысы
Қазақстанның Еуразиядағы цифрлық хабқа айналу жөнінде стратегиялық мақсат
қойғанын жеткізді. Патрик Ворнкинг еліміздің
цифрлық саладағы табысына жоғары
баға берді.
Қазақстан жетістіктерін Дүниежүзілік зияткерлік
меншік ұйымының бас директоры Дарен Танг та атап өтті. Былтыр
еліміз Жаһандық инновациялық
рейтингтегі орнын жақсартқан болатын. Қасым-Жомарт Тоқаев қазір республикада зияткерлік меншік
құрамдас бөлігі бар Ұлттық инновациялық стратегияны әзірлеу жобасы іске қосылғанын айтты.
Қасым-Жомарт Тоқаев Еуропа Кеңесінің Бас хатшысы Ален Берсемен Қазақстан
мен Еуропа Кеңесі арасындағы жан-жақты ынтымақтастықты нығайту келешегін
талқылады. Мемлекет басшысы еліміздің еуропалық ұйыммен өзара ықпалдастықты
одан әрі тереңдетуге бейіл екенін растады. Президент Әділетті Қазақстан құруға
бағытталған саяси реформалардың ауқымды бағдарламасын жүзеге асыру барысы
туралы мәлімет берді.
Мемлекет басшысы БҰҰ Азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымының бас
директоры Цюй Дунъюймен кездесті. Еліміз аталған ұйымның бюросымен тығыз
серіктестік орнатып, 27 жобаны табысты жүзеге асырды. Тағы 14 жоба қолға алынып
жатыр. Олар табиғи ресурстарды басқару мен орнықты аквамәдени дамуға
бағытталған. Цюй Дунъюй Қазақстанның жаһандық азық-түлік қауіпсіздігін
қамтамасыз ету және гуманитарлық көмек көрсету ісінде айтарлықтай рөл атқаратынын
айтты.

