Алматыда қаңтар оқиғаларынан зардап шеккен бизнеске жедел көмек көрсету үшін жеңілдетілген тетік бойынша төлем сомасы 10 млн теңгеге дейін ұлғайтылды. Өтінімдерді қарау мерзімі 1 айдан 2 аптаға дейін қысқартылған. Бүгінде тіркелген 1 413 кәсіпкердің 755-і өтемақы алды. Бұл туралы қала әкімі Мемлекет басшысына баяндады, деп хабарлайды Ақорда. Ерболат Досаев 10 наурызға дейін бизнес субъектілері өтінімдерінің 90% орындалатынын айтты. Кездесу қорытындысы бойынша, Қасым-Жомарт Тоқаев қаладағы инженерлік желілерді жаңарту жөнінде ұсыныстар әзірлеуді, баспана қорын қайта жөндеуге ерекше назар аударуды тапсырды.