Парламент Сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаев Мемлекет басшысының тапсырмасымен Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Құрама Корольдігінің Патшайымы ІІ Елизаветаны мемлекеттік жерлеу рәсіміне қатысты. Вестминстер холлында Патшайымның табытын зиярат ету рәсіміне қатысумен қатар ол, Қазақстан Республикасының атынан ресми көңіл айту кітабына жазба қалдырды.
Сондай-ақ, Сенат төрағасы Король ІІІ Чарльздің Еуропа, Таяу Шығыс және Азия елдерінің, үкіметтер мен халықаралық ұйымдардың басшыларының және корольдік отбасы мүшелерінің құрметіне арналған қаралы қабылдауында болды. Король ІІІ Чарльзбен сұхбат барысында Мәулен Әшімбаев жақын арада елорданың орталық саябағындағы гүлзарлардың біріне ІІ Елизавета Патшайымның есімі берілетінін жеткізді. Өз кезегінде Король Патшайымның қазасына байланысты ықылас танытқаны Қазақстан басшылығы мен халқына ризашылығын білдіріп, игі тілектері мен ілтипатын жеткізді.