Бүгінде олардың 80%-ке жуығы сандық үлгіге көшірілген. Үкімет отырысында Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев қазір цифрлық кітаптарды пайдалану әдістемелері әзірленіп, ұстаздарды оқыту жұмыстары басталғанын айтты. Бұл іске 10 астам отандық баспахана тартылған. Сонымен қатар білім беру жүйесіне виртуалды зертханалар ендірілуде. Қосымша оқу материалы ретінде мультимедиалық контенті бар ресурстар құрылып жатыр.
Ғани Бейсембаев, ҚР Оқу-ағарту министрі:
- Қазіргі күні 50 мыңнан аса цифрлық білім беру ресурсы жасалды. 2023 жылдың басынан бастап Цифрлық білім беру ресурстарына 6,7 мың мектеп қосылды. Бұл ресурстарды бүгінде күн сайын 3 миллионға дейін оқушы мен мұғалім қолданып келеді. Цифрлық білім ресурстарында барлық сыныптарды қамтитын 50 мыңнан аса бейнесабақ жарияланған.