Ақтау және Құрық порттарын дамыту
– Қазақстанның стратегиялық мақсаты. Бұл тралы Қасым-Жомарт Тоқаев Abu Dhabi
Ports Group компаниясының басқарушы директоры Мұхаммед Жуму әл-Шамисимен
кездесуінде мәлімдеді. Мемлекет басшысы Қазақстан мұнайын Орта дәліз арқылы
Әзербайжанға тасымалдау жөніндегі ынтымақтастыққа оң баға берді. Тараптар
көлік-логистика саласындағы бірлескен жұмыстың келешегін де талқылады. Атап
айтқанда, Қасым-Жомарт Тоқаев Еуразияны Шығанақпен, Африкамен және Үндістанмен
байланыстыратын «Солтүстік – Оңтүстік» бағдарының әлеуетін пайдалану жоспары
туралы айтты. 2027 жылға қарай аталған бағыттың жүк өткізу қабілеті кемінде 70
процентке артып, 9 миллион тоннадан 15
миллион тоннаға дейін ұлғаюға тиіс. Осыған байланысты президент «Қазақстан
темір жолы» ұлттық компаниясы мен Abu Dhabi Ports арасында бірлескен кәсіпорын
құру жөніндегі уағдаластықты ерекше атап өтті.