Премьер-министр шетелдік инвесторлармен кездесті

Премьер-министр шетелдік инвесторлармен кездесті

Қазақстанда 2029-шы жылға дейінгі Инвестициялық саясат тұжырымдамасы жетілдірілді. Ол тұрақты бизнес-экожүйені қалыптастыруға бағытталған. Бұл жөнінде еліміздің Премьер-министрі шетелдік инвесторлар кеңесінің аралық отырысында айтты. Сондай-ақ, Үкімет басшысы жобаларды іске асыру кезеңдерін жеңілдететін ұлттық цифрлық инвестициялық платформа іске қосылғанын тілге тиек етті. Ел экономикасына құйылған шетелдік капиталға инфроқұрылымдық қолдау жағы да қарастырылған. Иинвесторларға арнайы экономикалық, индустриялық және шағын өнеркәсіптік аймақтардағы дайын өндірістік алаңдар ұсынылады. Жаңа қатысушыларды тарту үшін ұзақмерзімді шарттар мен оффтейк-келісімшарттар жасалады. Алдағы жұмыс экологиялық реттеуді, «бұлтты» технологиялар мен жасанды интеллектіні, көші-қон нормаларын жетілдіруге, жер қойнауын пайдалану саласын цифрландыруға сырттан қаржы тартуға бағытталған. Олжас Бектенов инвесторларға Қазақстан жаңа өндіріс орындарын құруға мүдделі, сондықтан ел Үкіметі бұған ықпал ететін шешімдерді бірлесіп жүзеге асыруға дайын екенін жеткізді.  

Авторы: Жеңіс Ермұқанов 

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?