1993 жылы Михал Лабенда Алматыға студент ретінде келді. Ол кезде Қазақстан туралы ештеңе дерлік білмесе де, осында қалуға шешім қабылдап, қазақ тілін үйренді. Араға жылдар салып, Қазақстанға дипломат ретінде қайта оралды. Бүгінде ол Польшаның Қазақстандағы уақытша сенімді өкілі және «Life of a Diplomat» бағдарламасының жаңа шығарылымының кейіпкері. Сұхбатта Қазақстанның тәуелсіздіктің алғашқы жылдарынан бері қалай өзгергені туралы айттық. Сондай-ақ мәдениет, бизнес, поляк диаспорасы және дипломатияның үлкен мәлімдемелерден емес, өзің қызмет етіп жүрген елді түсіне білуден басталатыны туралы сөз қозғадық.

