Италия бүгінде Орталық Азиямен байланыстынығайтуда
Еуропаның басты серіктестерінің біріне айналып келеді. «Дипломат өмірі»
бағдарламасының осы шығарылымында Қазақстандағы Италия елшісі Антонелло Де Риу
Римнің неге Еуропалық Одақ пен Қазақстан арасындағы әріптестікті тереңдетуде
ерекше рөл атқара алатынын түсіндіреді.
Сұхбатта шикізаттық емес экспортты арттыру жолдары, ауыл
шаруашылығы саласының әлеуеті, мәдени дипломатияның маңызы және қоғаммен
ерте әрі ашық байланыс орнатудың кез келген мемлекеттік стратегияға
қалай нақты нәтиже беретінін сөз етеміз.

