Бір кездері ол жұлдыздарға көз тігіп, астрономияны зерттеген еді, алайда тағдыр оны дипломатия жолына бастады. Қазақстандағы Нидерланд Корольдігінің елшісі Нико Схермес Арал тұрғындарымен кездесулері, Алматының асқақ таулары қалдырған әсері және Қазақстан мен Нидерланд арасындағы байланыстарды нығайту оның миссиясының маңызды бөлігіне қалай айналғаны туралы сыр шертеді.
Су ресурстарын басқарудағы нидерландтық тәжірибе Қазақстанға тасқындармен күресуге сеп болып, мәдени алмасу мен ауыл шаруашылығындағы бірлескен жобалар жаңа мүмкіндіктердің есігін ашады. Алайда
Нико Схермес үшін дипломатия – тек саясат пен экономика ғана емес. Ең алдымен, ол
– адамдар мен олардың өмірлік хикаялары.

