Өзін
«шығыстың тілін тапқан адаммын» деп қалжыңдайтын Эгидиюс Навикас - 30 жылдан
астам тәжірибесі бар кәсіби дипломат. Парижден Брюссельге, Иорданиядан Астанаға
дейінгі жолдан өткен ол бүгінде Литваның Қазақстандағы елшісі.
«Дипломат
өмірі» бағдарламасының жаңа шығарылымында Елшімен Литваның цифрлық даму жолы,
жасыл энергетикасы және Еуропаның Орталық Азиядағы ұстанымы туралы
әңгімелестік. Сонымен қатар, дипломатияда актерлік шеберліктің қандай рөл
атқаратынын, кестесі тығыз күндерде уақытты қалай тиімді басқаруға болатынын
және неге Қазақстан адамды саяхатқа шабыттандыратынын сөз еттік.

