Қазақстан математика мен жаратылыстану бойынша PISA рейтингінде үздік 50 елдің қатарына кірді. Халықаралық оқушылардың білім деңгейін анықтау бағдарламасының нәтижелерін экономикалық әріптестік пен даму ұйымы жариялады. Бұл халықаралық зерттеу үш жылда бір рет әлемнің барлық дерлік мемлекеттерінде 15 жасар балалардың білім деңгейі тексеріледі. Қазақстан 81 елдің арасында математика бойынша, 46 орынды иеленсе, жаратылыстану бойынша 49 орынға табан тіреді.
Ғани Бейсембаев,
ҚР Оқу-ағарту министрі:
- Бұл
қазақстандық білім жүйесі үшін үлкен серпіліс және прогресс деп атауға болады.
Мұндай нәтижелерге біз, мемелекет басшысы мен Үкіметтің жан-жақты білім саласын
қолдауының арқасында қол жеткіздік деп айтуға болады. Әрине, біздің
мұғалімдеріміздің де, оқушыларымыздың да еңбегін, ролін бұл жерде ерекше атау
қажет деп есептеймін.
Наталья Жұмаділдаева,
Оқу-ағарту бірінші вице-министрі:
– Биыл сайысқа
871 білім беру мекемесі қатысты. Басқаша айтқанда 15 жастағы 19769 оқушы.
Жалпы, 2018 жылмен салыстырғанда математика пәні бойынша тестілеу нәтижелеріне
сәйкес, 7 мемлекет өз деңгейлерінің өскенін байқатты. Оның ішінде Қазақстан да
бар. Жаратылыстануға байланысты айтар болсақ, бірден 18 мемлекет өз нәтижелерін
жақсартқан. Оның ішінде Қазақстан топ жарып, 26 балл жинады.
Айта кетсек,
еліміздегі білім деңгейін дамыту мақсатында халықаралық тәжірибе негізге
алынып, 5 негізгі бағыт бойынша жұмыс жүргізілуде. Оның ішінде, «білім
саласындағы 1000 көшбасшы» бағдарламасы бойынша менеджментті дамытып, кадрлық
резерв даярлау, XXI ғасырдағы талапқа сәйкес құзыреттіліктер аясында жаңа оқу
бағдарламаларын әзірлеу, ауыл мектептеріне кешенді қолдау көрсету, Ұлттық
«Жайлы мектеп» бағдарламасы бойынша жаңа білім ордаларының құрылысы мен басқа
да шаралар бар.