Петропавлда жылына 12 мың дана трансформатор шығарылатын жаңа зауыт пайда болады. Бүгінде ірі электротехникалық кәсіпорынның құрылысы аяқталуға жақын.
Айта кетейік, отандық техниканың 95% шетелге жеткізіледі деп жоспарланған. Сонымен қатар трансформаторлық зауыттар Шымкент, Кентау және Оралда жұмыс істеп тұр. Сарапшылардың пікірінше, Петропавлдағы осындай кәсіпорын ішкі нарықты сапалы өніммен қамтамасыз етеді және Солтүстік Қазақстан облысының экспорттық әлеуетінің өсуіне оң әсер етеді.