Павлодарда қарбыз фестивалі өтті. Биыл жергілікті дихандар өнімді молынан жинады. Шаруалар бір гектардан 400 центнерге дейін өнім алды. Биыл өңір шаруалары екі мың гектарға қарбыздың түр-түрін еккен. Сапалы әрі мол өнім алу үшін тиімді әдістерді қолданған.
Абзал Балғабаев, Аққулы ауданының әкім:
– Бұрын көктемде еіп, жауын жауып, сол жауыннан кейін алдық біз өнімді. Қазір біздің дихандар тамшылап суару суарғанның арқасында өнімдерін ертерек алып, жақсы нәтижелерін көрсетіп жатыр. Облыс орталығының тұрғындары да өніміміздің дәмін ертерек татты. Одан басқа республикаға да өнімдерін сатып жатыр.
Қайрат Шапуов, шаруа:
– Эксклюзивті сұрыптарын өсіреміз. Сары, тоқсары, жасыл түсті қарбыздар да бар. Екі сұрыпты өзіміз шығардық. Бүгінде сұраныс жоғары. Өнімдеріміз экологиялық таза. Ешқандай химиикаттарды пайдаланбаймыз.
Өңірде қарбыз фестивалі жылда ұйымдастырылады. Биыл шараға мыңға жуық халық жиналды. Келушілерге бес тоннаға жуық қарбыз ұсынылды. Экзотикалық сұрыптың дәмін татқандардың ішінде шетелдіктер де бар.
Амили Рен, АҚШ:
– Қарбыз фестиваліне бірінші рет келдім. Шара көңілімнен шықты, қуанышымда шек жоқ. Әсіресе, сары қарбыз ұнады. Дәмі тіл үйіреді. Осындай жидекті бұрын-соңды көрмеппін.
Павлодарлық қарбыздар елімізде ғана емес, көршілес елдерде да танымал. Болжам бойынша осы жылы 80 мың тонна өнім алынбақ. Оның 30 проценті Ресейге жөнелтіледі.