Астанада 600-ден астам оқушы Бауыржан Момышұлының алып портретін құрастырды

Астанада 600-ден астам оқушы Бауыржан Момышұлының алып портретін құрастырды

Халық қаһарманы Бауыржан Момышұлының үлкен портрет-мозаикасы Дүниежүзілік рекордтар кітабына енді. Жетістік Астанада тіркелді. Фотомозаиканы елорданың сурет үйірмелеріне қатысатын 600-ден астам оқушы стадионда құрастырды. Бірегей іс-шара батырдың туғанына 115 жыл толуы мен Жеңіс күніне орайластырылды. Астана әкімдігінің таратқан мәліметінше, Бауыржан Момышұлының портреті жүздеген баланың суреттерімен 2 700 шаршы метрден астам аумақта құрастырылды. Мозаиканың ұзындығы - 70, ені - 32 метр.


Аружан Бірлес, шараға қатысушы:

- Біз соған көп уақыт дайындылдық. Және ол біздің еңбегіміз. Және біздің ата-бабамызды еске салудың бір түрі ғой.

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?