Бүгін референдум. Тәуелсіз Қазақстан тарихында аса маңызды мәселелер жалпыхалықтық дауыс беруге осымен екінші мәрте шығарылып отыр. Елімізде алғашқы референдум осыдан 27 жыл бұрын өткен еді. Бұл жолғы референдум Конституцияға өзгерістер енгізу жөнінде. Ата заңға 56 өзгеріс енгізу ұсынылып отыр. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдары билік алдында еліміздің заң жүйесін жетілдіру міндеті тұрды. Сөйтіп 1995 жылы конституциялық заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу үшін жалпыхалықтық референдум өткізілді. Сол кезден бері Ата заңымызға бірқатар өзгеріс енгізілсе, конституциялық түзетулерге қатысты халықтық референдум өткізілген жоқ. Енді араға 27 жыл салып екінші референдум өтіп жатыр. Бұл жолы еліміздегі басты құжаттың 33 бабына 56 өзгеріс енгізілмек.