Павлодарда Ертіс өзені арқылы өтетін жаңа көпір салынуда. Қос жағалауды байланыстыратын өтпелдің жалпы ұзындығы шамамен 700 метрді құрамақ. Ол 4 жолақты болады. Әр бағытта екі жолақтан. Көлік ағынын бөліп тұратын қауіпсіздік және жаяу жүргіншілер аймағы қарастырылған. Нысанға бірінші санат берілді, яғни, елімізде баламасы жоқ. Ірі құрылыс барысында бірегей ванталық жүйені қолдану барлық өткел бойынша салмақты біркелкі реттеуді қамтамасыз етеді. Сондай-ақ өзен ағысының жылдамдығын тежейді. Қазір мұнда негізгі тірек бағаналарын орнату жұмыстары жүргізілуде. Айта кетейік, Ертіс бойындағы жаңа көпір республикалық маңызы бар жолдарды байланыстыратын және еліміздің транзиттік-көліктік әлеуетін дамытуға ықпал ететін негізгі буынға айналады.
Нұрмұхаммед Бейсембаев, жоба жетекшісі:
- Нысандағы жұмыстардың ең қиыны әрине, өзендегі, яғни судың аумағында. Дәл осы тұста Ертістің тереңдігі 8 метрге жетеді. Бұл аумақта біз арнайы технологяны қолданамыз. Ол үшін бұрғылау қадаларының құрылғысы жүргізіліп жатыр. Судың үстіндегі алаңдағы жұмыстар да өте күрделі. Су деңгейінің көктемгі кезде көтерілуіне дейін өзен арнасындағы бұрғылау қадаларын орнату жұмыстарын аяқтауды жоспарлап отырмыз. Су деңгейі төмендеген соң аралық тіректерді орнату мен көпір құрылысына қажет басқада жұмыстар атқарылады.
Жеңіс Ермұқанов.

