Пандемия кезінде әлемде аналар өлімі мен перинаталдық өлім деректері өсіп кетті.
Британдық ғалымдар 40 түрлі зерттеу нәтижесіне сүйене отырып, осындай қорытындыға келген. Бұл зерттеулердің кейбірі пандемияға дейін жүргізілген. Ғалымдар оларды салыстырған. Сөйтсе, соңғы бір жылда аналар мен перинаталдық өлім саны шамамен 35% өскен. Мамандар қайғылы оқиғалардың барлығы коронавирус жұқтыру деректерімен байланысты емес екенін айтады. Мәселен, денсаулық сақтау саласына түскен ауыртпалық салдарынан жүкті әйелдерге медициналық көмек дер кезінде көрсетілмеуі мүмкін. Одан бөлек, ғалымдар пандемия кезінде аналардың күйзеліске ұшырауы да жиілеп кеткенін айтады.
Асма Халил, профессор:
- Біз сүйеніп отырған зерттеулер әлемнің 17 елінде жүргізілді. Оған 6 млн-нан аса жүкті әйел қатысқан. Осылайша, пандемия кезінде аналар мен перинаталдық өлім деректерінің артқанын байқадық. Оның себебі көп. Мәселен, пандемия кезінде аяғы ауыр келіншектер ауруханаға аз келетін болған. Тиісінше, қандай да бір ауру болса, дәрігерлер диагнозды кеш қойып жатады.
Ақпарат көзі: 24.kz