Өткен тәулікте тағы 841 адамның коронавирустан емделгені хабарланып отыр. Осылайша, қауіпті инфекцияны жеңіп шыққандар қатары 124 056 адамға жетті. ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің бүгінгі мәліметтеріне сәйкес, өткен 24 сағат ішінде ел аумағында 836 COVID-19 науқас анықталды. Жалпы ел бойынша ауырғандар саны – 139 995.
Аймақтардағы эпидемиологиялық ахуал келесідей:
Нұр-Сұлтан қаласы - 16880
Алматы қаласы - 16816
Шымкент қаласы - 5417
Ақмола облысы - 5995
Ақтөбе облысы - 3553
Алматы облысы - 6062
Атырау облысы - 11973
Шығыс Қазақстан облысы - 17557
Жамбыл облысы - 4620
Батыс Қазақстан облысы - 8447
Қарағанды облысы - 11387
Қостанай облысы - 6174
Қызылорда облысы - 3308
Маңғыстау облысы - 3477
Павлодар облысы - 7498
Солтүстік Қазақстан облысы - 7303
Түркістан облысы – 3528
Өткен тәулікте коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 137 жағдайы және 4 өлім жағдайы тіркелді. Оған қоса 65 адам емделіп шықты.
1 тамыздан барлығы: ауырғандар – 43 635, 462 өлім жағдайы тіркелді, ал жазылып шыққандардың саны 31 282 жетті.