Еуропалық Одақ маймыл шешегіне қарсы вакцинаның 110 000 дозасын сатып алуға ниетті. Бұл туралы Одақтың денсаулық сақтау жөніндегі комиссары Стелла Кириакидес хабарлады. Оның айтуынша, препараттың алғашқы партиялары маусым айының соңы-шілденің басында жеткізіле бастайды. Соңғы мәліметтерге сәйкес, маймыл шешегі Еуроодақтың 19 елінде тіркелген. Оларда вирус жұқтырудың 900-ге жуық жағдайы анықталып отыр.