Өзбекстанда Халықаралық астронавтика конгресі өтеді. Ғарыш саласындағы ірі әлемдік форумды тарихта алғаш рет Орталық Азия қабылдайды. Іс-шара 2028 жылға жоспарланған. Сала мамандары Самарқанда бас қоспақ. Беделді жиынды өткізу үшін бәсекелестік жоғары болды. Бұл қатарда Үндістан мен Бахрейн де болды. Сарапшылардың пікірінше, таңдау аймақ елдерінің біріне кездейсоқ түскен жоқ. Олар бұл шешімді саладағы ауқымды реформаларды мойындау деп атайды.
Мухиддин Ибрагимов, Ғарыштық
зерттеулер және технологиялар агенттігі директорының орынбасары:
- Соңғы жылдары басым
міндеттерді белгілеген бірқатар стратегиялық құжаттар қабылданды. Олардың
ішінде - ғарыштық зерттеулер мен технологиялар саласындағы заңнамалық базаны
қалыптастыру, жерүсті ғарыш инфрақұрылымын дамыту, халықаралық ынтымақтастықты
нығайту. Ғарыштық зерттеулер саласындағы заңнамалық тетіктерді қалыптастыруды
және жетілдіруді, сонымен қатар қазіргі заманғы жерүсті ғарыш инфрақұрылымын
құруды көздейтін Өзбекстан Республикасының ғарыш саласын дамытудың 2022 2026
жылдарға арналған тұжырымдамасы ерекше маңызға ие.
Дәстүрлі конгреске әлемнің түкпір-түкпірінен 10 мыңнан
астам адам қатысады деп күтілуде. Ауқымды көрме де ұйымдастырылады. Онда ғарыш
саласының тың жетістіктері таныстырылады.

