Бірлікті нығайтуда үлес қосқан бірегей этномәдни орталықтар

Бірлікті нығайтуда үлес қосқан бірегей этномәдни орталықтар

Қазақстан халқы Ассамблеясы биыл 30 жылдығын кең көлемде атап өтіп жатыр. Осы кезеңде бірегей институттың аясы кеңейе түсті, жаңа этномәдени орталықтар құрылды. Солардың бірі – фин-угор қоғамдық бірлестігі. Еліміздегі осындай жалғыз орталық Павлодар облысында жұмыс істейді. Оның құрамына мордва, удмурт, мари, венгр, коми-пермяктар мен эстондар кіреді. Олар 10 жылдан бері өздерінің бай мәдениетімен және дәстүрімен бөлісіп келеді. Орталық тек мәдени іс шараларға қатысып қана қоймайды. Бірлестік әлеуметтік және қайырымдылық жобалардан да шет қалған емес.

Рамиль Смаилов, Павлодар облысы ҚХА төрағасының қоғамдық орынбасары:

- Бірегей этномәдени бірлестіктердің бірі – Павлодар облысындағы фин-угор қоғамдық-мәдени орталығы. Биыл олар өздерінің 10 жылдығын атап өтіп жатыр. Орталықтың ерекшелігі – қоғамдық бірлестік құрамына 20-дан астам этнос өкілі кіреді. Бүкіл фин-угор тобын бір шаңырақ астына біріктіріп отыр.

Қазақстан халқы Ассамблеясындағы түрлі этномәдени бірлестіктер арасында үнді орталығы да бар. Бұл қоғамдық ұйым да жалғыз. Ақтаудағы «Сәлем, Наместе» орталығының құрылғанына небәрі 4 жыл болды. Мұндағылар тек Үндістанның мәдениетін насихаттап қана қоймай, сонымен қатар екі елдің білім, заманауи технологиялар мен денсаулық сақтау саласындағы қарым-қатынасын нығайтуда ықпал етіп келеді. Қазақстанның Ұлттық волентерлік желісімен бірге қайырымдылық марафонын өткізуді жоспарлап отыр. Айта кетейік, Маңғыстау облысында үнді ұлтының мыңға жуық өкілі тұрады. Барлығы этномәдени орталықтың жұмысына белсенді атсалысып жүр.

Хитеш Вадодария, «Салем Намасте» үнді этномәдени бірлестігінің негізін қалаушы:

- Қазақстан халқы Ассамблеясы – әлемге және мен үшін үлгі. Қазақстанда тұрғаныма 21 жыл болды. Барлық дін өкілдері бір шаңырақ астында тату-тәтті өмір сүріп жатыр. Алғаш Ассамблеяны көргенде мен қандай керемет жоба, керемет жоспар деп таңқалғанмын. Бұл халыққа үлкен күш берді. Барлығының мақсат - мүддесі ортақ.

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?