Қасым-Жомарт Тоқаев пен Эмомали Рахмон
қазақ-тәжік стратегиялық серіктестігін нығайту перспективаларын талқылайды.
22-23 тамызда Қазақстан Президенті Тәжікстан Президентінің шақыруымен
республикаға мемлекеттік сапармен барады. Сапар аясында тараптар шағын құрамда және
екі ел үкіметтері делегацияларының қатысуымен жоғары деңгейде келіссөздер жүргізеді. Сондай-ақ, екі елдің cаяси,
сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы ынтымақтастығын
нығайтуды көздейтін бірқатар құжатқа қол қойылады деп жоспарланып отыр.