Қ.Тоқаев Ұлытау облысында кеншілердің қаза табуына байланысты көңіл айтты

Қ.Тоқаев Ұлытау облысында кеншілердің қаза табуына байланысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлытау облысында қаза тапқан кеншілердің туған-туыстары мен жақындарына көңіл айту жеделхатын жолдады. Мемлекет басшысы Үкіметке төтенше жағдайдың мән-жайын мұқият тексеру жөнінде міндет жүктеді. Салалық ведомстволар мен өңір әкімдігіне марқұмдардың отбасыларына барлық қажетті көмек көрсету туралы тапсырма берілді. Еске салайық, кеше «Қазақмыс» корпорациясының «Жомарт» кенішінде төтенше жағдай орын алды. Шахтаның опырылуы салдарынан 7 адам қаза тапты. Премьер-министрдің тапсырмасымен арнайы комиссия құрылды. Оны Үкімет басшысының орынбасары Қанат Бозымбаев басқарды. Комиссия мүшелері оқиға орнында тергеу барысымен танысты. Қазір онда Төтенше жағдайлар қызметі, ІІМ мен Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің жедел-тергеу тобы, сондай-ақ басқа да ведомстволардың өкілдері жұмыс істеуде.

Авторы: Жеңіс Ермұқанов

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?