Қазақстан Орталық Азияда алғаш болып жасанды интеллект туралы заң
қабылдады. Құжатқа Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойды. Ол елде нейрожелілер технологияларын пайдалану үшін
жаңа құқықтық негіз қалыптастырады. Заң АІ-шешімдерін әзірлеу мен қолданудың
бірыңғай ережелерін енгізеді. Жүйені әзірлеушілердің, иеленушілердің және
пайдаланушылардың құқықтары мен міндеттерін нақты жіктеп айқындайды. Сондай-ақ,
ақылды жүйемен жасалған мәтіндер, суреттер, аудио мен бейне материалдар арнайы
белгімен таңбалануы тиіс. Авторлық құқықты қорғауға ерекше көңіл бөлінеді.
Жасанды зейіннің көмегімен жасалған туындылар адамның шығармашылық үлесі болған
жағдайда ғана қорғала. Сондай-ақ, жаңа үлгілерді әзірлеу және оқыту үшін негізгі
инфрақұрылымға айналатын AI ұлттық платформасын құру көзделген. Жалпы, бұл
құжат технологияларды қауіпсіз енгізуге және оларды экономика мен әлеуметтік
салаларда дамытуды ынталандыруға бағытталған.
Серік Бимендеев, Жасанды интеллект және деректерді басқару комитетінің Мемлекеттік саясат басқармасы басшысының міндетін атқарушы:
- Жаңа
жүйенің иелері мен әзірлеушілері пайдаланушыларға осы өнімнің немесе қызметтің
жасанды интеллект көмегімен жасалғандығы туралы хабарлауға міндетті. Сондықтан да
әрбір әзірлеме танылуы үшін машиналық оқылатын белгімен таңбалануы тиіс. Бұл АІ
– шешімдерінің көмегімен жасалатын барлық әзірлемелер үшін міндеттеледі.

