Орталық Азия ғұламалары қолжазбаларының көшірмелері бір жинаққа топтастырылды. Бірегей басылым 14 қыркүйекте Ташкентте өтетін «Орталық Азия әлемдік өркениеттер тоғысында» атты халықаралық форумда таныстырылады. Жинақты еуропалық бір топ ғалым өзбекстандық мамандармен бірлесіп жасаған. Онда Орталық Азия елдерінде өмір сүрген ұлы ғұламалардың ғылымға енгізген жаңалықтары топтастырылған. Мәселен, жұлдыздар әлемін зерттеген Ұлықбектің еңбектері, жылнамалар мен қасиетті Құран беттері бар. Авторлардың айтуынша, алдағы уақытта жинаққа толықтырулар енгізіліп, кітаптың тұсаукесерін Қазақстанда да өткізу жоспарланып отыр.
Александр Вильгельм, Mueller and Schindler баспасының маркетинг және даму жөніндегі вице-президенті:
- Бұл жинақты басып шығару үшін ұзақ уақыт кетті. Көптеген архив құжаттары Франция, Ұлыбритания, Италия, АҚШ сынды елдердің музейлері мен кітапханаларында сақталған екен. Еңбектердің қайсысы нақты Қазақстанға, қайсысы нақты Өзбекстанға жататынын анықтау қиынға соқты. Себебі жазбалардың көбі парсы тілінде жазылған. Бізге, еуропалықтарға Орталық Азия елдерінің тарихы өте қызық болып отыр. Сіздердің мәдениеттеріңіз таңғажайып. Біздің ендігі міндетіміз – осындай бай тарихи мұраны еуропалықтарға насихаттау.