Ол келесі
жылы Астанада ашылады деп жоспарланған. Орталық тиімді дижитал шешімдерді
іріктеу орталығына айналады. Қазақстан көрші елдермен бірге Парсы шығанағы
елдеріне шығатын Каспий теңізінің түбі бойынша талшықты-оптикалық байланыс
желілерін төсеу жөніндегі жобаны іске асыруда. Мұндай интеграция деректерді жинау
және өңдеу үшін озық инфрақұрылымды қалыптастыруға мүмкіндік береді, сондай-ақ
қазақстандық ІТ-шешімдерді әлемдік нарыққа шығаруды қамтамасыз етеді. Үкімет
басшысы инклюзия және трансформация мәселелері жөніндегі Азия-Тынық мұхиты
министрлік конференциясы елдегі цифрландыруды дамыту мәселесіне баса назар
аударды. ЭСКАТО-ның ұйымдастыруымен өткен іс-шара дижитл серіктестікті күшейтуге
бағытталған.
Олжас Бектенов, ҚР Премьер-Министрі:
- Кеше Мемлекет басшысы Жолдауында Қазақстан
жасанды интеллектіні кеңінен қолданатын, әрі цифрлы технологиялар дамитын елге айналуы тиіс
екенін атап өтті. Олар бизнес, білім беру және денсаулық сақтау үшін жаңа
көкжиектерді ашады, экономикалық өсуді қамтамасыз етеді және миллиондаған
адамға мүмкіндік береді. Сондықтан, біз бұл бағыттарды белсенді түрде дамытып жатырмыз. Бүгінгі таңда
Қазақтан әлемдегі цифрлық даму жағынан 30 мемлекеттің қатарына кіреді және
онлайн қызметтер бойынша 8-ші орында.
Армида Салсия Алишахбана, БҰҰ Бас хатшысының орынбасары және АТМЭӘК-тің атқарушы
хатшысы:
- Цифрландыру қалыпты жағдайға айналды. Ол біздің
экономикамызды өзгертеді, құндылық құрудың жаңа мүмкіндіктерін ашады және
орнықты дамудың негізгі міндеттерін шешуге көмектесетін қоғамдық құрылымдарды
өзгертеді. Алайда, цифрлы трансформация бұрын-соңды болмаған күрделі және
белгісіз экономикалық, экологиялық және әлеуметтік тәуекелдерімен де байланысты.