Өндірістің жалпы көлемі тәулігіне 40 миллион баррельден сәл асады. Бұл қазіргі межеден 1,4 миллион баррельге аз және әлемдік сұраныстың шамамен 4,5 процентін құрайды. Картельдің келесі отырысы биыл 26 қарашада Венада өтеді. Ал мұнай өндірісінің мониторингі бойынша комитет жиыны әр екі ай сайын өтіп тұрмақ.
Айта кетейік, өз кезегінде Қазақстан да мұнай өндірісі көлемін азайтады. Жыл соңына дейін қара алтын шығару көрсеткіші шамамен тәулігіне 78 мың баррельге дейін төмендейді, деп хабарлады еліміздің энергетика министрлігі.