Атақты қазақ ақыны мен ойшылға арналған онлайн дәріс Сеулде өтті. Түркітану институтында ұйымдастырылған шараға жазушының шығармашылығын корей тіліне тәржімалаған аудармашы, ақын Ким Бён Хака шақырылды.
Айта кетейік, сонымен қатар таңғы шық елінің астанасында ұлы ақынның құрметіне ескерткіш орнатылды.
Ли Ен Джон, Түркітану институтының қызметкері:
- Осы дәрістер арқылы қазақ халқының ақыны Абай Құнанбаевпен жақынырақ таныстым. Оның шығармашылығы мен даналығына тәнті болдым. Әсіресе Ескендір поэмасы әсерлі болды. Онда ұлағатты, нақыл сөздер көп екен.