Себебі, онда жаңа жеңімпаз анықталады. Бас жүлде үшін бұл жолы әйгілі шахматшылар Ян Непомнящий мен Дин Лижэнь таласады. Жүлде қоры – 2 млн еуро. Қазақстан шахмат федерациясының президенті Тимур Турловтың айтуынша, мұндай ауқымды шараны өткізу - Қазақстанның әлемдік спорттағы мәртебесін айқындайды.
Тимур Турлов, Қазақстан шахмат федерациясының президенті:
- Бұл – біз тәуелсіздік алғаннан бері Қазақстанда тұңғыш рет өткізіліп отырған шара. Осы чемпионатты өткізу құқығын жеңіп алғанымызға қуаныштымын. Біз былтыр жылдың соңында блиц және рапид чемпионатын лайықты түрде өткізе алдық. Бұл матчтың өтуі мен нәтижесіне барша әлем халқы назар аударады деп күтеміз. Өйткені Магнус Карлсен алғаш рет бұл жарысқа қатыспайды. Сол себепті біз бұл ойынның шынымен де фавориті кім болатынын білмейміз.
Зияткерлік бәйгесі Қазақстандағы шахматты дамытуға маңызды қадам болмақ. Шарада сондай-ақ алдағы уақытта жарыстар өткізу үшін ФИДЕ-менынтымақтастықтың негізі қаланады дейді, ұйымдастырушылар.
Тимур Турлов, Қазақстан шахмат федерациясының президенті:
- Чемпионат Қазақстан ішінде шахматқа деген қызығушылықты бұдан да көбірек арттырады деп күтеміз. Сонымен қатар шараны өткізу барысында көптеген шеберлік сабақтары ұйымдастырылады. Бірнеше іс-шаралар өткізіледі. Біздің әуесқойларымыз бен кәсіпқойларымызғашахмат әлемінің басты гроссмейстерлерінен сабақ алуына мүмкіндік бар.
Айта кетейік, әлемдік шахмат турнирнің бірінші партиясы тең аяқталды. Жарыс бүгін жалғасын табады.