Оңтүстік Кореяда шектеу шаралары жеңілдетіліп жатыр

Оңтүстік Кореяда шектеу шаралары жеңілдетіліп жатыр

Оңтүстік Кореяда шектеу шаралары жеңілдетілді. Мұндай шешім COVID-19 індетін жұқтыру көрсеткіші төмендегеннен кейін қабылданып отыр. Мәселен, алдыңғы айда күн сайын 400 мыңнан астам адам вирус жұқтырса, өткен тәулікте 280 мың   тіркелген. Оңтүстік Кореяның ауруларды бақылау және алдын алу орталығының мәліметі бойынша, Республикаға шетелден індетті жұқтырған тек 48 азамат келген, қалған жағдайдың барлығы инфекцияның ел ішінде таралуымен байланысты. Айта кетейік, Оңтүстік Корея еліне келген екпе алған туристерге енді бір апталық карантиннен өтудің қажеті жоқ. Туристерге де  шектеу шаралары біртіндеп жеңілдетіледі.

БЛИЦ:

– Бұл сәтті ұзақ күттім. Карантинде қалу талабы алынып тасталған кезде бірден Гаваийге бару үшін билет броньдадық. Вакцина салдырып қойдық. ПТР-тестілеуден де өттік.

– Коронавирусқа қатысты жағдайға байланысты бұрын шетел түгілі, ел ішінде саяхаттауға қорқатынмын. Жұмыс барысымен шетелге барғанда қонақ үйден мүлдем шықпайтынмын. Ал карантин алынып тастағанда сәл де болсын көңіл орнына түскендей болды.