Елорданың әлеуеті артып келеді. Астананың өңірлік дамуы 4 трлн 753 млрд теңгеге жетті. Өткен 11 айда бұл көрсеткіш 4% астам өсім көрсеткен. Елдің бас шаһарының экономикасына тартылған инвестиция көлемі шамамен 1,3 трлн теңгені құрады. Астананың экономикалық-әлеуметтік дамуы жөнінде қала әкімі Жеңіс Қасымбек мәлімдеді. Шаһар басшысының дерегінше қазір жұмыс істеп тұрған шағын және орта бизнес нысандарының саны едәуір өсіп, 230 мыңнан асқан. Бөлшек тауар айналымының көлеміде ұлғайып, 2 трлн теңгеден асып жығылды. Құрылыс әдеттегідей қала экономикасының негізгі қозғаушы күші. Биыл үш жарым млн шаршы метр тұрғын үй тапсырылған. Бұл реттегі алдағы жоспар да ауқымды.
Жеңіс Қасымбек, Астана қаласының әкімі:
- Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша қаланың 2035 жылға дейінгі дамуының жаңа бас жоспары әзірленді. Жалпы осы құжатқа сәйкес 178 балабақша мен 164 мектеп, 93 денсаулық сақтау мекемесі салынады. Бас жоспардың жобасы қала жұртшылығы, мәслихат депутаттары келісіліп, қажетті сараптамалар мен қоғамдық тыңдаулардан өтті.