Биыл «Ауыл - ел бесігі» жобасын жүзеге асыру үшін ел қазынасынан 200 млрд теңгеге жуық қаржы бөлінді

Оның есебінен 800 елді-мекенде 2 мыңға тарта жоба іске асырылады. Бұл жөнінде Үкімет отрысында Премьер-министр мәлім етті. Әлихан Смайылов жаупты тұлғаларға ауылды аймақтарды кешенді түрде дамыту үшін инвестициялар тарту ісіне қарқын қоса түсуді тапсырды. Үкімет басшысының дерегінше, бұл жобаға бағыталатын қаржы жыл сайын ұлғайып келеді. Мәселен, соңғы 3 жылда   осы мақсатқа республикалық бюджеттен   326 млрд теңге жұмсалған.

Әлихан Смайылов, ҚР Премьер-министрі:

- Әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымды дамыту бойынша 3,7 мыңнан астам жоба мыңнан астам ауылда іске асырылды. 33 мың жұмыс орны құрылды. Бөлінген қаржыны игеру серпіні Павлодар, Ақтөбе және Қызылорда облыстарында жақсы. Алайда Алматы және Ұлытау облыстарында деңгей төмен.

Әлихан Смайылов сондай-ақ Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша биыл ауылдық аумақтарды дамытудың 2027 жылға дейінгі тұжырымдамасы қабылданғанын еске салды.

Әлихан Смайылов, ҚР Премьер-министрі:

- Оның шеңберінде «Ауыл – ел бесігі» жобасы ауыл инфрақұрылымын жаңғырту бойынша негізгі құралдардың бірі болып белгіленді. 2027 жылы даму әлеуеті жоғары 3,5 мың ауылдың барлығын Өңірлік стандарттар жүйесінің параметрлеріне дейін жеткізу күтілуде. Ұлттық экономика министрлігі мүдделі мемлекеттік органдармен және облыс әкімдіктерімен бірлесіп,   барлық қажетті шараларды қолдансын және Ауылдық аумақтарды дамыту тұжырымдамасының нысаналы индикаторларына  қол жеткізуді қамтамасыз етсін.