Өзбекстан мұрағатындағы тың деректер зерттеледі

Өзбекстан мұрағатындағы тың деректер зерттеледі

Биылдан бастап Өзбекстанның мемлекеттік мұрағатындағы Қазақстанға қатысты ақпараттар мен тың деректер зерттеледі. Құпия құжаттар түбі бір түркі жұртының өткенін түгендеп, тарихын парақтауға жол ашпақ.

«Өзбекстан мұрағатында 16 миллионнан астам құжат бар. Оның тең жартысы Қазақстанға қатысты ақпараттар. Көбі зерттеушілердің қолына түспеген. Сондықтан тарихшылар қауымы тың ақпараттарға кенелуі әбден мүмкін», - дейді өзбек мамандары. 

Ыбырайым Бабаев, ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Архив құжаттама және кітап ісі комитетінің басқарма басшысы:

– Ендігі біздің мақсатымыз қордаланып қалған әлі көп тұсы ашылмаған тарихи құжаттарды, ұлттық архив қорындағы құжаттарды ашу. Болашақ ұрпаққа аманат ретінде жеткізу. Бұл 3 жылда арналған екіжақты ғылыми еңбектер шығады. Қазақ қоғамына, әсіресе, ғалымдарына көптеген Құжаттар Ашылатын Болады.

Әнуаржан Әлиев, Узархив агенттігі ақпарат қызметінің жетекшісі, Өзбекстан:

– 2007 жылы Қазақстан мен Өзбекстан мұрағаты саласында екіжақты меморандумға қол қойылған. Ал былтыр желтоқсан айында практикалық шаралар бойынша жұмыстарға келісім шарт жасалды. Осының арқасында қос ел арасында бірталай зерттеу жұмыстары жүріп, тарихи мәнді деректер анықталды. Қазір біздің қордағы құжаттардың жартысына жуығы Қазақстанға қатысты.