Қазақстанның рухани астанасы Түркістан шаһарына «халықаралық қолөнершілер қаласы» мәртебесі берілді. Осыған орай өңірде қолөнершілер көрмесі мен этнофестиваль өтті. Түрлі туындылар қойылған көрмеге облыстағы елге танымал шеберлердің бұйымдары қойылды.
Ердәулет Амантайұлы, «Open Turkistan» Туристік ақпараттық орталығының басшысы:
- Бізде осы жылы Түркістан қаласына ерекше статус бергеніне орай «Көне түркі дәстүрі» фестивалін өткізіп жатырмыз. Бұл біздің ұлттық құндылықтарын насихаттайтын шара болып саналады. Бұл жерде қазақтың ұлттық ойындары, тағамдары. Ұмыт бола бастаған тарихын осы жерде насихаттап жатырмыз.
Мамандардың сөзінше, Түркістанға «халықаралық қолөнершілер қаласы» статусының берілуі өңірдің мәдени мұрасын сақтауға мүмкіндік береді. Жергілікті қолөнершілердің еңбектерін әлемдік аренада танытуға жол ашады.
Мұхтар Төлепов, Түркістан қаласы Бизнесті қолдау және туризм бөлімінің басшысы:
- Осы саланың дамуына, туризм саласы, одан бөлек қолөнердің дамуына үлкен мүмкіндіктер береді. Ерекше мәртебе де. Заң аясында қолөнершілерге өздерінің ғимаратын жалдау, құрал-жабдықтарын алу, шикізатын алу бағытында субсиядиялау жұмыстарын жүргізетін боламыз.
Қазір
Түркістанда қолөнершілер қалашығы бой көтерді.
Нысан таяуда ел игілігіне беріледі деп жоспарланып отыр. Жаңа орталық
шеберлердің ісін дөңгелетіп, сатып алушылармен тікелей байланысқа шығуына
таптырмас орын болмақ.

