Олжас Сүлейменов Францияның Ұлттық орденімен марапатталды

Олжас Сүлейменов Францияның Ұлттық орденімен марапатталды

Белгілі ақын, қоғам қайраткері Олжас Сүлейменов Францияда жоғары марапатқа ие болды. Оған ядролық қаруға қарсы қозғалыстағы сіңірген еңбегі үшін «Француз Республикасы Құрметті Легионының Ұлттық Ордені» табысталды.

Ғалымқайыр Мұтанов, бүкіләлемдік өнер және ғылым Академиясының мүшесі:

– Француз Республикасының ең жоғарғы марапаттарының бірі болып саналады. Бұл марапатқа ие болу үшін ол текқана өз елінде емес, әлемдік деңгейде танымал болу керек. Өз ісімен елдерді жақындастыратын, бейбітшілікті сақтауда сонымен қатар мына Франция мен Қазақстан арасында қарым-қатынасқа сіңірген еңбегі деп бағалуымыз керек.