Бейжіңдегі қысқы Олимпиадада қазақстандық шаңғышылар жарыс жолына шықты. Спринтерлік қашықтықта ерлер арасында ел намысын Евгений Величко мен Виталий Пухкало қорғаса, әйелдер арасында Ксения Шалыгина, Ангелина Шурыга, Ирина Быкова и Надежда Степашкина бап сынап көрді. 91 үміткердің арасынан 30 шаңғышы финалдық кезеңге жолдама алды. Қазақстандықтардан ең үздік нәтижені Надежда Степашкина көрсетті. Ол мәре сызығын 51-ші болып кесті. Ангелина Шурыгина 60-шы, Ксения Шалыгина 67-ші, ал Ирина Быкова 68-ші болды. Осылайша, біздің команданың өкілдері квалификациялық кезеңнен өтпей қалды.
Надежда Степашкина, Ұлттық құрама мүшесі:
- Мен үшін бұл трасса өте ауыр болды. Өйткені тым биік. Демалу қиын болды. Бірақ бұл жарыс маған ұнады. Қол жеткізген нәтижем жаман емес. Маған қолдау көрсеткен жанкүйерлеріме алғысым шексіз.
Ақ Олимпиадада ерлер арасында спринтерлік жарысқа түскен Виталий Пухкало 66-шы, Евгений Величко 62-ші орыннан көрінді.
Виталий Пухкало, Ұлттық құрама мүшесі:
- Жақсы нәтиже көрсету үшін үнемі жарыстарға шығып, жоғары сапалы трассаларда жаттығу керек. Өкінішке қарай, біздің елде ондай жоқ.
Ал конькимен жүгірушілерден Дмитрий Морозов жиырма үдік спортшының қатарына енді. Ол 1,5 мың метр қашықтықты бір минут 47 секунд уақытта бағындыра алды. Нәтижесінде 18-орынға жайғасты. Енді спортшы масс-стартта бабын сынап көрмек. Жеке жарыста шеберлік байқасқан биатлоншыларымыздан Владислав Киреев ТОП-25-ке енді. Ал Александр Мухин мәре сызығын 52-ші болып кесті.