Нұр-Сұлтанда бетперде режимін енгізу ұсынылады

Нұр-Сұлтанда бетперде режимін енгізу ұсынылады

Шілденің 23-інене бастап еліміздің бас қаласында санитарлық шектеу шаралары енгізіледі. Мегаполис коронавирустың таралу көрсеткішіне байланысты «сары» аймаққа көшкендіктен, Нұр-Сұлтан тұрғындары мен қонақтарына адам көп жиналатын орындарда бетперде тағып жүруге және офлайн режимде үлкен жиындарды өткізбеуге кеңес беріледі. Жиналыстарда қатысушылар саны он адамнан аспауы керек. Сонымен қатар, бірлескен сабақтар өткізу үшін топтар мен сыныптарды қосуға тыйым салынады. Вирус жұқтырған отбасы мүшелерімен жақын байланыста болғандар, жүкті әйелдер мен COVID-19-ға қарсы вакциналауға абсолютті қарсы көрсетілімдері бар қызметкерлер қашықтан жұмыс істеуге ауысады. Тиісті қаулыға қаланың бас санитарлық дәрігері қол қойды. Сондай-ақ Сархат Бейсенова вакциналау және ревакциналауды күшейтуді ұсынды.