Шымкент инвестиция тарту бойынша көш бастады

Шымкент инвестиция тарту бойынша көш бастады

Шымкент қаласы 2021 жыл мен 2022 жылдың бірінші тоқсанында негізгі капиталға инвестиция тарту жөнінен көш бастады. Аталған кезеңде мегаполиске 462 млрд теңгеден аса қаржы құйылған, деп хабарлайды ҚР Премьер-министрінің ресми сайты. Одан кейін Ақтөбе және Қостанай облыстары тұр. Ал Солтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан және Қызылорда облыстары аутсайдерлер қатарында.

Мемлекеттік органдар арасында Ауыл шаруашылығы министрлігі инвестиция тарту көрсеткіші жөнінен алға шықты. Ведомство жоспарды 108%-тен астамға орындап, 893 миллиард теңге капитал тартқан. Одан кейін еліміздің Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі мен Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі келеді.