Елорда «қызыл аймақта» болғандықтан 21 наурыз күні локдаун енгізіледі. Яғни жексенбіде сауда ойын-сауық орталықтары, жабық азық-түлік емес базарлар, жабық спорт кешендері жұмыс істемейді. Сондай-ақ Қазпошта мен Халыққа қызмет көрсету орталығы да жабық болады. Дезинфекциялық жұмыстардың жүргізілуіне байланысты сол күні қоғамдық көлік жүрмейді. Фитнес залдары мен СПА орталықтардың жұмысына тыйым салынады. Наурыз мерекесіне орай бұқаралық іс-шаралар болмайды. 18 наурыздан бастап кинотеатрлар жұмыс істемейді.
Елорданың Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Сархат Бейсенова Нұр-Сұлтанда шектеу және карантин шараларын қатаңдату туралы қаулыға қол қойды. Құжат 18 наурыздан бастап күшіне енеді, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.
Қол қойылған құжатқа сәйкес, меншік нысанына және жұмыс істейтіндердің штаттық санына қарамастан барлық ұйым, кәсіпорын қызметкерлерінің кемінде 80% қашықтан жұмыс істеуі тиіс. Сондай-ақ сауда, қызмет көрсету нысандарында, қоғамдық көліктерде және адам көп жиналатын орындарда дезинфекциялық іс-шаралар жүргізу бойынша жұмыстар күшейтілуде.
Жексенбі күндері елордада СОО, СО, СҮ (онда орналасқан дәріханаларды, сондай-ақ тамақ өнімдері мен бірінші кезекте қажетті заттарды сататын және қызметі орналасқан жеріне қарамастан рұқсат етілген объектілерді қоспағанда), жабық азық-түлік емес базарлар, азық-түлік емес тауарларды сататын объектілер, жабық спорт объектілері, ХҚО, «Қазпошта» АҚ, сол сияқты қоғамдық көлік жұмысына тыйым салынады.