Ақтөбеде «Ақжелең» республикалық күйшілер байқауы өтіп жатыр. Әйгілі композитор, қазанғаптанушы Сәдуақас Балмағанбетовтің 80 жылдығына арналған сайысқа еліміздің барлық өңірлерінен 30-ға жуық үміткер қатысуда. Байқау композитрдың мұрасын насихаттау, ұлттық күй өнерін дәріптеу мен орындаушылардың шеберлігін арттыру мақсатын көздейді.
Тұрар Әліпбаев, Қазақ Ұлттық өнер университетінің профессоры:
– Негізінен мына Сәдуақас үлкен композитор ғой. Сол кісінің өзінің төл тума шығармаларын, 20-дан астам күйлері бар, әндері бар енді бұл кісінің. Сол күйлерін дәріптеу біздің мақсатымыз енді. Бүкіл Қазақстанның түкпір-түкпірінен келіп жатыр енді.