Мәжіліс депутаттары: Қазақстан демократиялық институттарды күшейтуге нақты бағыт алды

Мәжіліс депутаттары: Қазақстан демократиялық институттарды күшейтуге нақты бағыт алды

АЭС құрылысы мәселесі бойынша референдумды қазақстандық парламентшілер тарихи оқиға деп атады. Себебі елдің экономикалық дамуындағы аса маңызды мәселе алғаш рет жалпыұлттық дауыс беруге шығарылды. Мәжіліс депутаты Асхат Рахымжанов қазақстандықтардың бұл шешімнің халық үшін қаншалықты маңызды екенін жоғары деңгейде көрсеткеніне сенімді.

Асхат Рахымжанов, ҚР Парламенті мәжілісінің депутаты:

– Бұл Қазақстанның демократиялық институттарды күшейтуге нақты бағыт алғанын білдіреді. Референдум – тікелей демократия институты, ол адамдардың елдің болашағын айқындау тұрғысында қаншалықты еркін ойлы және мемлекеттік мәселелерге бей-жай қарамайтынын білдіреді.

Мәжілісмен Ерлан Саировтың пікірінше, қазақстандықтар елдің болашағы жолында өз азаматтық борышын өтеді. Олар ғылыми прогресс пен экономикалық инновацияларды таңдады.  

Ерлан Саиров, ҚР Мәжіліс депутаты: 

– Бұл референдум Қазақстандағы демократия мен плюрализмнің дамып келе жатқандығының айқын көрінісі. Бұл референдум тек қана Қазақстанда АЭС салу жөніндегі мәселені емес, сонымен бірге осы біздің еліміздің 21 ғасырдың ішіндегі, 22 ғасырдағы стратегиялық даму қандай болады деген сұрақтарға жауап берді деп ойлаймын. Сондықтан осындай ауқымды мәселелер біздің елімізде халықпен осылай келісіп, шешілуі қажет.