Қазақстан 2029
жылға қарай темір жол арқылы өтетін жүк транзиттін 35 млн тоннаға дейін жеткізуге
ниетті. Биыл он айда оның көлемі 22,5 млн тоннаны құрады. Былтырдың сәйкес
кезеңінен 20% жуық өсім көрсеткен. Бұл ретте контейнерлік тасымалдардың үлесі
басым. Жалпы жыл соңына дейін еліміздің темір жолдары арқылы 300 млн тонна жүк
өткізу межеленген. Жыл басынан экспортта
қарқын қосты. Отандық өнімдер жеткізілімдері 8,5% ұлғайды. Негізінен Қытай, Орталық
Азия және Еуропа елдеріне бағытталып жатыр. Бұл транзит пен импортқа да
қатысты. Себебі Қазақстан қос құрлықты байланыстыратын көпір екені белгілі.
Мәселен тек аспан асты елі арасындағы жүк тасымалы былтыр 23 млн тоннадан асып
жығылған. Бұл барлық әлеуеттің үштен бірі ғана. Жақында оның деңгейін 76 млн
тоннаға жеткізу көзделген. Ал Орталық
Азия бағытында жылына 10 млн тоннаға дейін өткізу қуаттылығын қамтамасыз ететін
Дарбаза-Мақтаарал темір жол желісі салынады. Бұндай деректер Үкіметте
келтірілді. Отырыста елдің темір жол саласының әлеуеті қаралды.
Әлихан
Смайылов, Премьер-Министрі:
- Азия мен
Еуропа арасында Қазақстан арқылы өтетін транзиттік тасымал көлемі жыл сайын өсе
түсуде. Жылдам өсіп келе жатқан жүк тасымалының әлеуетін ескереріп, осы салада
инфрақұрылымды дамыту және вагондар паркін жаңарту бағытында жоспарлы жұмыс
жүргізу қажет. Ол үшін алдағы 3 жылда жалпы ұзындығы 1 мың км-ден асатын жаңа
теміржол тармақтары салынатын болады. Жылжымалы құрамды жаңарту мақсатында
550-ден астам локомотив, сондай-ақ жолаушылар және жүк вагондары сатып алынады.
Жалпы ұзындығы шамамен 5 мың шақырымды құрайтын қолданыстағы магистралды
теміржол желілерін жаңғырту жүргізілуде.