Наурыз мерекесінің тарихын білесіз бе?

Наурыз мерекесінің тарихын білесіз бе?

Қасиетті мейрам бес мың жыл бойы ұлықталып келеді. Оны айғақтайтын тарихи куәлік Қазақстан аумағында табылды. Белгілі этнолог Серік Ерғалидің айтуынша, «Аңырақай» жотасында анықталған таңбалы тасқа қашлған бітік суретте «іңір» мен «тәңір», яғни күн мен түннің теңескен сәті бейнеленген. Ғалым бұлқола дәуіріне тән жәдігер екенін айтады.    

СЕРІК ЕРҒАЛИ, МӘДЕНИЕТТАНУШЫ, ЭТНОЛОГ:

- Екеуі қолын жайып көрісіп тұр. Ортасында сиыр жылы жүр. Сыйырдың төрт мезгілі тұр. Бұзау, баспақ, семірген үлкен өгіз бен көтерем қартайған сиыр тәңірге қарап жайылып жүр.  Сонда жылдың төрт мезгілі де бар. Оның астында 12 мүшел ай 12 айуан бейнесінде адам тұрпатында билеп жүр. Бірақ әрқайсысының бейнесі әр түрлі. Бұндай уақыттың, жаңа жылдың паспорты дүниежүзінде ешбір елде жоқ. 

Ұлыстың ұлы күні жалпы адамзаттың ортақ мейрамы. Себебі, бірқатар ғалым Наурыздың  тарихы сонау Нұх Пайғамбар заманынан басталады деген дәйекті байлам жасап отыр. Бүгінде көптеген ел табиғаттың жаңаруын тойлайды. Тек әрбірі өзінше төл мәдениетіне сәйкестендірем деп бағзы дәстүрді жоғалтқанға ұқсайды. Тамыры терең тартқан көне мейрамның жұрнақтары негізінен түркі халықтарында кезігеді. Бұны батыстың аңызға айналған ежелгі ойшылдары жазып кеткен.   

АРМАН ҚҰРМАНҒАЛИЕВ, ҚР ҚР ҰЛТТЫҚ МУЗЕЙІНІҢ ҒЫЛЫМИ ҚЫЗМЕТКЕРI:

- Ежелгі грек тарихшысы Кивент  Руфтың «Ескендір жорығында» қателеспесем осы наурыз мерекесі туралы  жақсы сипаттама беріп кеткен. + Яғни, Қағандық кешенде күн бейнесінде ту тігіледі.  365 бала шығып шежірені айтып, 365 күй тартады.  Тоғыз айдың мән-мағынасын түсіндіріп кеткен. Шыңға шығып ақ шашылған, ол ақ мол болсын деген мағынаны білдіреді. 

Бүгінде көктен жарылқап, жерден өңделген ырысқа толы күнді Орталық Азия, Балқан түбегі, Қара теңіз, Кавказ, және Таяу Шығыс халықтары үзбей келеді. БҰҰ дерегінше, Наурызды әлемнің 30 елінде, 300 миллионнан астам адам атап өтеді.

Жеңіс Ермұқанов