Модульді құрылыс. Отандық компаниялар алдын ала құйылған іргетасқа үйдің дайын бөліктерін орната отырып, конструктор сынды құрастыратын болады.
Атап өтерлігі, үйдің жүйелері қабырғаларға кірістірілген. «Пре-фаб» әдісімен салынған тұрғын үйлер толығымен зауытта дайындалады. Бұл тәсіл озықтығымен және үнемшілдігімен ерекшеленеді, ал сапасы аса жоғары.
Тағы бір айтарлығы, тұрғын үй кешендерін салудың бұл бағыты күн райына тәуелді емес. Мамандардың айтуынша, құрылыс жүргізудің жаңа жүйесін қолданысқа енгізе отырып, баспана бағасын тұрақты ұстап тұруға және құрылыс барысын жеделдетуге жол ашылады. Қазіргі таңда мобильді үй құрылысы әсіресе АҚШ-та кеңінен қолданылады.