Елімізде келер жылы Kids go Free бағдарламасы іске қосылады

Балалар үшін тегін әуе саяхаттары! ҚР Мәдениет және спорт министірлігі елімізде Kids go Free бағдарламасының қашан іске қосылатынын айтты. Туризм комитетінің төрағасы Дастан Рысбековтің айтуынша, балаларға ел аумағын саяхаттау кезінде әуе көлігімен ақысыз қатынауға мүмкіндік беретін жаңа ереже келер жылы күшіне енеді.

Еске салайық, бұған дейін ведомство отбасылық демалысқа аттанған ата-аналар кәмелет жасына толмаған балалар үшін ел ішінде жол ақысын өтеу қажет болмайды деген еді. Салалық комитет басшысының сөзінше, бұл шара ең алдымен ішкі туризмді дамытып, әлеуетін барынша кәдеге жарату қамында қолға алынған. «Алайда бұл бәрі бірдей тегін жүреді деген сөз емес», – дейді маман. Бұл мүмкіндікті пайдалану үшін басты қойылатын талап – туристік пакет сатып алу.

Дастан Рыспеков, ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің  туризм комитетінің төрағасы:

- Мемлекет есебінен демалыста ата-әжеге барып-қайту дегендей болмайды. Бұл, ең алдымен, ресми туристік операторлар ұсынатын пакет болуы тиіс. Мәселен, отбасы мүшелері ата-анасы мен үш бала Алакөлге бармақ ойда. Жанұялық жолдаманың жалпы құны шамамен 400 мың теңге болсын. Осы 400 мың теңгенің 100  мыңы балалар билетіне тиесілі. Мемлекет дәл осы 100 мың теңгені өз мойнына алып, толық өтейтін болады.

Авторы: Жеңіс Ермұқанов