Қазақстанда
стартап-экожүйе қарқын алып келеді. Сонымен қатар, қазақ тіліндегі инновациялық
жобалардың да саны артуда.
Бұлар еліміздің мәдениеті мен дәстүрін дамытып,
ұлттық құндылықтарымызды дәріптейді. Сандық стартаптар түрлі құралдарды кеңінен пайдаланып жатыр. Олар мобильді
қосымшалар мен білім беру платформаларын жасаудан бастап, дәстүрлер мен
аңыз-ертегілер негізіндегі
мультимедиялық жобаларды қамтиды. Барлығы балалар
мен жасөспірімдерге арналған. Сұранысқа
ие жобалардың бірі -
жасанды интеллекті базасындағы технологияларды пайдалана отырып
мемлекеттік тілдің қолдану аясын
кеңейту. Осы мақсатта қазір қазақ тілін үйрену үшін бірегей көмекші бола
алатын «QazaqLingo» қосымшасы әзірленуде.
Рауан
Кенжеханұлы,
«Қазақ тілі» халықаралық қоғамының президенті:
- Биыл қазақ тілін өз бетінше
үйрену мақсатында жасалған «ҚазақЛинго» қосымшасын іске қосамыз.
Ол көпшілікке жақсы
таныс ағылшын тілін
үйренуге арналған «English Grammar» әдістемесі негізінде жасалды. Бастаушы, орташа және тәжірибелі деп аталатын үш
деңгейді қамтиды. Осы әдіс бізге оңтайлы болып
көрінді. Сондықтан
әдіскерлер мен мамандарды тартып,
қомақты
қаржы
мен
уақыт бөлдік.
Енді
осы базаның негізінде
қосымша жасалып жатыр.
Қазір тестік тәртіппен тексерілуде. Қосымшаны ыңғайлы әрі қызықты етіп жасай
аламыз деп үміттенемін.

