Мемлекеттік егемендік туралы декларацияға - 35 жыл

Мемлекеттік егемендік туралы декларацияға - 35 жыл

Қазақстандықтар 25 қазанда егемендік декларациясының 35 жылдығын атап өтеді. Бұл құжат елдің халықаралық қатынастардағы дербестігінің кепілі болды. Саясаттанушы Жеңісбек Төлен ол Қазақстанның ішкі заңнамасын орнатумен қатар халықаралық қауымдастықтағы бағытын да айқындап бергенін айтады. Осылайша, декларация жаһанда жаңа Тәуелсіз Қазақстан Республикасының қалыптасуына негіз салды. 17 баптан тұратын құжатта еліміздің саяси және құқықтық негіздері бекітілді.

Жеңісбек Төлен, саясаттанушы:

- Декларация Қазақстанның халықаралық қауымтастықтарға танылуының, мойындалуының бірден бір негізгі кепілі деп айтуға болады. Қазақстан 12 орта державаның қатарына кіріп отыр. Халықаралық қауымдастыққа әлемде бейбітсүйгіш, нейтралды саясат ұстана отырып, барлық елдермен достық қатынас орната отырып, өзіндік позициясын орнықтырды.

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?