Мемлекеттік егемендік туралы декларация - тәуелсіздік негізі

Мемлекеттік егемендік туралы декларация - тәуелсіздік негізі

Биыл Мемлекеттік егемендік туралы декларацияның қабылданғанына 35 жыл толады. Содан бері сындарлы жолдардан өткен Қазақстан елеулі табыстарға жетті. Тарихи құжат еліміздің экономикалық тәуелсіздігін қамтамасыз етуге де негіз салды. Осылайша, 30 жылдан астам уақыт ішінде Қазақстанның сыртқы тауар айналымы 16 есе, экспорт - 15,5 есе ұлғайды. Өзгелермен алыс-беріс көкжиегі кеңейді. Серіктес елдердің саны 195-ке жетті. Бұдан басқа, республика шикізаттық тәуелділіктен арылып келеді. Бүгінде өнеркәсіп, АӨК, логистика мен ІТ секторының дамуы қарқын ала түсті. Қазақстанның өңірдегі жалпы халықаралық аренадағы беделі асып, еліміз геосаяси картада маңызды ойыншылардың біріне айналды. Бізді көбі әлеуеті мол сенімді серіктес ретінде таниды. Қазақстан - БҰҰ, ШЫҰ, ТМД мене ТМҰ және басқа да халықаралық құрылымдардың белді мүшесі. Бұдан басқа, республика жаһандық деңгейде тың бастамалар көтеріп жүр.  


Гүлмира Туканова, ҚР Президенті жанындағы ҚСЗИ стратегиялық талдау бөлімінің бас сарапшысы:

- Біздің қазіргі Қазақстан туралы білетініміздің басым бөлігі Мемлекеттік егемендік туралы декларацияда көрініс тапты. Бұл ретте жаңғырып жатқан саяси жүйені атап өткім келеді. Әрине, ол осы 35 жыл ішінде көптеген өзгерістерді бастан өткерді. 2022 жылы қабылданған кешенді реформалар біртіндеп жүзеге асырылуда. Бізде қазірдің өзінде ауыл деңгейінде тікелей әкімдер сайлауы бар, аудандар мен қалалық деңгейдегі әкімдер сайлауы өтіп жатыр.

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?