Семей ядролық сынақ полигонын енді қашықтан көруге болады. Радиациялық қауіпсіздік институты және Ұлттық ядролық орталығында сынақ жүргізген мемлекеттердің интерактивті картасы құрылған. Картада жер бетінде жасалған қауіпті жарылыстар туралы тарихи деректер көрсетіледі. Полигонның біздің елге қатысты тарихы институт ғалымдарының зерттеулері негізінде жасалған деректермен берілген.
3D форматы арқылы виртуалды картадан алғашқы ядролық сынақ аумағындағы тәжірибе алаңында Мәскеу метросы мен басқа да стратегиялық нысандармен танысуға болады. Әзірге бұл жаңашылдық музейге келушілерге қолжетімді. Жақын арада аталған қызметті ресми веб-сайттан жаңартылған форматта көруге мүмкіндік туады.
Айсұлу Омарханова, оқу-ақпараттық тобы орталығының басшысы:
- Интерактивті картада картографиялық материалдардың мол қоры жиналған. 3D экскурсиялар да ұйымдастырылған. Семей полигонына әртүрлі жағдайлармен бірі келсе, бірі келе алмай жатады. Сондықтан Семей полигонының аумағындағы барлық нысанды көре алу үшін осындай виртуалды форматта жасап шығардық. 3D экскурсиямен сынақ алаңына және сынақ көліне саяхаттағандай болады.