Қазақстанда қалдықтарды басқару тұжырымдамасы әзірленеді

Қазақстанда қалдықтарды басқару тұжырымдамасы әзірленеді

Қоқысты кәдеге жарату. Қазақстанда биыл осы бағытта қалдықтардың барлық түрін басқару тұжырымдамасы әзірленеді. Ол ең алдымен үрдісті орталықтандыруға, барлық мүдделі тараптарды тартуға, циклдік экономика моделін құруға бағытталмақ. Бұл жөнінде Үкімет отырысында айтылды. Былтыр аталған істі жүйелеу үшін арнайы жеңілдікпен қаржыландыру тетігі бекітілді. Бүгінде 94 жобаны қамтитын пул жасақталды. Қазіргі таңда қаралған 67 бастаманың алтауы қаржыландыруға қол жеткізді. Олардың жалпы құны 4 млрд теңге. Енді бұл бағытта өнеркәсіптік және энергетикалық кәсіпорындарды қолдау мен ынталандырудың тетіктерін одан әрі жетілдіру, жабдықтарды жаңғырту, озық технологиялар мен жаңа цифрлық шешімдерді ендіру міндеті тұр.  

Олжас Бектенов, ҚР Премьер-Министрі:

- Дұрыс тәсілдерді қолдану арқылы қалдықтарды жойып қана қоймай, олар өңделіп, қайтадан кәдеге жаратылуға тиіс. Сондықтан да озық елдердің осы саладағы тәжірибесін меңгеру керек. Ал, мұндай жобалар бізде баршылық. Отандық тау-кен компаниялары қалдықтарды қайта өңдеп, 30-ға жуық өнім түрін шығаратын жобаларды бастады. Оның ішінде құрылыс материалдары мен тыңайтқыштар шығаратын және басқа да көптеген жобаларды атап өтуге болады.

Авторы: Жеңіс Ермұқанов

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?